Аптаның алты күні бойы өтетін дәрістерге қазақ тілді, сонымен бірге, орыс тілді шәкірттер де қатыса алады.
Шәкірттерге дәріс беру үшін арнайы ұстаздар бекітіліп отыр.
Мәселен, ақшам намазынан кейін өтетін дәрістерде шәкірттер арнайы топтарға бөлініп, тәджуид талдаулары, Құран сабақтары, Құран әліппесі және араб тілі бойынша білім ала алады.