Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен, облысқа қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінде жамағатқа арналған айлық отырыстар жалғасып жатыр.
Биылғы жылдың алғашқы отырысы Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде өтті. Оған Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, отбасы құндылықтары туралы насихат айтты.
«Ислам дінінде отбасы бірлігіне айырықша маңыз беріледі. Отбасы – исламда баға жетпес құндылықтар ретінде әспеттеледі. Қоғам отбасыдан басталатындығын ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жете түсініп, тұтас қоғамды таза ұстаудың бірден-бір кепілі – отбасы тәрбиесі мен жанұя құндылықтарында екендігіне маңыз берген.
Ардақты пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Ер кісі отбасының бақташысы, сондықтан ол қол астындағыларға жауапты» деген.
Осыған қарап ақ отбасы мүшелерінің өзара міндеттерін исламда анық көрсетілген. Отбасын асыраушы ретінде ер адамның жауапкершілігін айқын көрсетілген. Отбасы – аманат» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.