Болатбек Ұласқанұлы Абуов


1982 жылы дүниеге келген.

Білімі мен біліктілігі:

  • 2003-2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін аударма ісі мамандығы бойынша үздік бітірген;
  • 2008-2010 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін Араб филологиясы мамандығы бойынша Магистратурасын бітірген;
  • 2011-2013 жылдары Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша екінші жоғары білім алған;
  • 2013ж. Республикалық имамдар білімін жетілдіру институтында білім алған;
  • 2012-2015 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Шетел филологиясы мамандығы бойынша Докторантурасын тәмамдаған;

Еңбек жолы:

  • Қызмет жолын 1999-2002 жылдары Қызылорда обл., Байқоңыр қаласы «Жәрімбет ишан» мешітінде азаншы, ұстаз, наиб имам болып бастады.
  • 2005 – 2008 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Студенттер кеңесінің мүшесі, төрағасы орынбасары;
  • 2008 – 2010 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының референт-аудармашысы;
  • 2009 – 2012 жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде оқытушы;
  • 2010 – 2014жылдары Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті ректорының әкімшілік және халықаралық істері жөніндегі көмекшісі;
  • 2014 жылдан бері Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің Аппарат жетекшісі, Бас хатшы қызметтерін атқарды.
  • 2018 жылдың 23 ақпанынан бастап ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы қызметін атқарды.
  • 2023 жылдан бастап Алматы қаласы Бостандық аудандық «Байкен» мешінің бас имамы қызметінде болды.
  • 2025 жылдың 21 ақпанынан бастап, Атырау облысының Бас имамы қызметіне тағайындалды.