Бүгін Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының қабылдауына Атырау қаласындағы Әт – Тақуа мешітінің имамы Өсімхан Тілеуов келді.
Қазіргі уақытта Әт – Тақуа мешітінде он маман жұмыс істеп жатыр. Бас имам, екі наиб имам, бір ұстаз, үш кезекші, азаншы, сонымен қатар, есепші және тазалықшы еңбек етуде.
Қабылдау барысында мешіттің қаржылық жағдайы, қызметкерлерге төленетін жалақы мәселесін реттеу жайы талқыланды.
«Төрт діни қызметкер айына жат ағымда жүрген үш адаммен жақын жұмыс істейтін болса, бір айда он екі адамды оң бағытқа бейімдеуге болады екен. Сондықтан, оңалту шараларына көбірек назар аударуымыз керек» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы. Және Әт- Тақуа мешітіне уағыз – насихат саласымен нақты жұмысты күшейтуді тапсырды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.