Атырау облысының Бас имамы ұстаз Алтынбек Ұтысханұлы бүгін Атырау қаласы маңындағы Еркінқала ауылындағы Қайтпай Сұлтан мешітінде жұма уағызын жүргізді.
«Көршің жақсы болса, тынысың» тақырыбында насихат айтты.
«Жақсы көрші тапқаның-көп олжаға батқаның». «Итің жақсы болса – ырысың, көршің жақсы болса-тынысың». Бұл жердегі «олжа», «тыныс» материалдық табыс, пайда ұғымын емес, сенім, құрмет, сүйеніш сыйластық, ауызбірлік-шын табысың, тіршіліктің бір ғанибеті сол дегенді білдіреді» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.