Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Атырау адалдық алаңының» арнайы жобасына қатысып, жастармен кездесті.
Кездесу барысында адал болу, елге қызмет ету, Отанды сүю тақырыптарында насихат айтты.
«Отанды сүю – иманнан» деген бар. Адам өмірге келгеннен кейін лайықты өмір сүруі керек. Білім алып, білімді ел игілігіне жұмсауы керек. Жастардың мақсаты жүрекке иманды, білімді тоқып – кемел келешек жолында еңбек ету» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз – қызметі.