Атырау: Пандемия кезінде орталық мешіт ауруханаларға 100-ге жуық медицина аппаратын табыс етті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, пандемия ушығып тұрған кезде мүфтият ел бойынша  «Өмірге үміт сыйла» акциясын ұйымдастырған.

 «Аталмыш акция аясында облыстағы емдеу мекемелеріне  10 жасанды тыныс алу аппараты,    83 оттегі концентраты табыс етілді. Аппараттар Атырау қаласымен бірге, аудандардағы және шалғай ауылдардағы аурухана, амбулаторияларға тапсырылды» деп нақтылады Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Сонымен бірге,  «бірінші толқын» кезінде коронавируспен науқастанып қалған  және мұқтаж отбасыларға облыс бойынша  7000 дана дәрі-дәрмек таратылды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.