Атырау қалалық Құспан молла мешітінде Құраннан білім алып жатқан шәкірттер марапатталды.
Құспан молла мешітінің бас имамы Эммат Ғұмаров 4 айдан бері «Құран», «Тәжуид», «Фиқһ», «Ақида», «Сира» бойынша білім алып жатқан шәкірттердің саны 60-қа жеткенін айтты.
Айта кетейік, Құран үйреніп жүргендердің қатарындағы екі спортшы ағалар – Руслан Тулегенов пен Ануар Уткелбаевқа арнайы сыйлықтар табыс етілді. Ал, дәріс беріп жатырған Құспан молла мешіттінің ұстазы Арман Урумбаевқа қасиетті мекке ұмраға жолдама табыс етілді.
Айта кету керек, мешіт жанынан ашылған сауат ашу курсына кез-келген жастағы адам қатыса алады. Курста білікті ұстаз Арман Урумбаев сабақ береді. Сауат ашу курсы нәтижесінде Құранды меңгеріп жатқан шәкірттер де бар.



