Атырау қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешіті осы аптадан бастап жергілікті жамағатқа айына 1000 бөлке нан таратқалы отыр.
«Мешітімізде соңғы екі жылдан бері айына 500 нан тегін таратылып келген еді. Енді бұл көрсеткішті екі еселегелі отырмыз.
Нанды кез келген уақытта мешіттен зейнеткерлер, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, сапарда жүрген жолаушылар, шәкірттер және көп балалы отбасылар ала алады. Алла ниетімізді қабыл еткей» дейді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.