Атырауда 15 мыңнан астам алғашқы тарауық намазын оқыды (+ ФОТО)

Атырау облысы өкілдігіне қарасты мешіттерде 15 000-нан аса адам алғашқы тарауық намазын оқыды.

Рамазаның алғашқы күні өкілдікке қарасты облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде Рамазанмен құттықтау болды.

Облыстың Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы жиналған жамағатқа Рамазан айының қадір-қасиеттері туралы және Тарауық намазының сауабы туралы насихат айтты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті Рамазан айына арналған құттықтауын жеткізіп, жамағатты Құран хатымын түсіретін қаримен таныстырды.

«Биылғы жылы Тарауықты “Иманғали” орталық мешітінің ұстазы Еркебұлан қари Сержанұлы өткізетін болады. Алла Тағала баршамыздың ниеттерімізді қабыл, оразаларымызды кәміл етсін» деді Бас имам Болатбек Ұласқанұлы.

Рамазан айына орай, 29 күн бойына іс -шаралар жоспарланған.