Орталық «Иманғали» мешітінің amin.kz медиа орталығы волонтерлармен бір күн өткізіп, олардың күнделікті тірлікке айналған қайырымды істеріне куә болып қайтты.
63 жастағы Сара Қамзиқызы бірнеше жылдан бері мұқтаж отбасыларын азық-түлікпен қамтамасыз етуге атсалысып келеді. «Қашанда жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған қазақпыз ғой. Елімізде ешкім жоқшылықтан жыламаса екен» дейді волонтер әжей.
Көпшілік Мұқаш деп атап кеткен Мамучар Төлебайұлы қараусыз қалған 100-ден астам ит пен мысықты қамқорлығына алып отыр. Еріктілер қозғалысын құрған Мамучар бастапқыда жануарларды үйінде баққанын, кейін арнайы орталық құрғанын айтады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.