Қазақстан мұсылмандары діни басқар масы жанындағы Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі бірнеше жерде ауызашар ұйымдастырды.
Сектор ұйымдастырған ауызашар Қарилар орталығындағы шәкірттердің басын қосты.
Сондай ақ, діннің өркендеуіне үлес қосып жүрген бір топ әйел адамның қатысуымен ауызашар ұйымдастырылды.
«Мақсатымыз – дінімізді көркем амалдармен тарату. Ауызашарға қатысқан ұстаздарымыз насихат айты, бірлікте болудың маңызы туралы тақырыпты кеңінен қозғады» дейді Әйел-қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі жетекшісі Ардақ Сайынқызы.