«Бұл туралы Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты» деп хабарлайды орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.
«Санитарлық–эпидемиологиялық ахуалға байланысты, Айт намазы мешіттер ауласында өтеді. Намаз жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де оқылады. Намаз ұзақтығы 10 минутқа созылады.
Айт намазын үй ауласында жиналып өткізуге болмайды» деп нақтылады Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі 20 шілдеде басталады. Құрбандық Айт намазынан кейін шалынады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.