Қасиетті Ережеп айының құрметіне Атыраудағы Әт-Тақуа мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Қайырымдылық шарасы кезінде 40 отбасына азық-түлік таратылды.
Іс – шара әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларды қамтыды.
«Ережеп – берекенің, ізгіліктің айы. Осынау қасиетті айда ізгі амалдарымызды көбірек жасап, сауап жинауға тырысуымыз қажет» дейді Әт-Тақуа мешітінің имамы Өсімхан Тілеуов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.