Бұл туралы мүфтиятта жылдық есеп берген Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы хабарлады.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі датасына орай, пайдалануға берілген мешіттердің бірі – Исатай ауданына қарасты Жанбай ауылдық мешіті.
Заман талаптарына сай салынған мешіт жанында төрт бөлмелі имам үйі қоса тұрғызылған. Қазақ тарихында айрықша із қалдырған Әйтеке би атындағы мешіттің сыйымдылығы 300 орындық.
Сонымен бірге, орталық «Иманғали» мешіті жанынан қайырымдылық мекемесі жұмыс істеп жатыр. Онда бұрын қолданылған киім-кешектер химиялық тазалаудан өткізіліп, мұқтаж жандарға тегін таралуда.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.