Атырауда бірқатар кәсіпорынға халал сертификаты табысталды (+ ФОТО)

Атырау облысының Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы жергілікті жұртшылықты адал өніммен қамтамасыз етіп жүрген “Coffe River”, мейрамханасы мен “Zau-zau tattileri” кондитерлік дүкендер желісі өкілдеріне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал даму» мекемесінің сертификатын табыстады.

Бас имамның айтуынша аталған құжаттар халал өнімдерді сатуға, сақтауға, өндіруге және тасымалдауға қойылатын талаптарға сай екендігін растайды.

Еске сала кетсек , 2014 жылы құрылған «Халал даму» мекемесі 1900 отандық кәсіпорынды сертификаттады.