Атырауда «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 824-ші баспана табысталды (+ ФОТО)

Қасиетті қадір кешінде Атырау облысының Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы бірнеше адамға Рамазаны сыйын табыстады.

Атап айтар болсақ, облыстық ақсақалдар және жастар арасында өткен Құран сайыстарының жеңімпаздарын марапаттап, “Ел үлесі-пәтерге” жобасы аясында 824-ші қызметтік баспана кілтін «Ықылас мешітінің» наиб имамы Жазыбек Жұмабековке табыстады.

«Рамазан сыйы» қайырымдылық жобасы аясында Атырау студенттері мен мұқтаж жандарға арнап 1 000 000 тг зекет, медресе шәкірттеріне 450 000 тг, Мысыр елінде оқып жатқан “Талаба” қауымдастығының шәкірттеріне 500 000 тг көлемінде ауызашар сыйын табыстады.