Қасиетті Рамазан айының құрметіне, «Ембімұнайгаз» компаниясы Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде ауызашар берді.
600 адамға арналған ауызашар дастарханы мешіт ауласында құрылған киіз үйлерде берілді.
Ауызашар барысында мешіт ұстаздары қоғамдық тұрақтылық, ынтымақ, бірлік тақырыптарында уағыз айтып, жұртшылық тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
Ауызашар рәсімін «Ембімұнайгаз» компаниясының орталық аппарат қызметкерлерінің ерікті түрде жалақысын аудару есебінен ұйымдастырып отырғанын атап өткеніміз жөн.
Еске сала кетелік, мұсылман қауым Рамазанның соңғы 10 күндігіне аяқ басты. 2 сәуірде басталған ораза 30 күнге созылады. Пітір садақа мөлшері – 500 теңге. Пітір садақаны ниет етушілер қалауына қарай мұқтаж жандарға, мешіттерге береді немесе «Kaspi.kz» қосымшасын қолдану арқылы, мешіттердің есеп-шотына аудара алады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.