Құран-Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан ХІІІ республикалық байқауының Атырау облысы бойынша іріктеу кезеңі басталды.
Дәл қазіргі уақытта орталық «Иманғали» мешітінде 40-қа жуық қарилар Құранды мәнерлеп оқу, 10, 20, 30 паралары бойынша жатқа айтудан өзара бақ сынасуда.
Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысушыларға сәттілік тіледі.
«Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай баяндайды: «Кімде-кім Алланың кітабынан бір әріп оқыса, оған он сауап жазылады» (Термизи). Ал басқа бір өсиетінде: «Кімде-кім Құранды оқыса және оған амал қылса, Қиямет күні ол адамның ата-анасына нұры күннің нұрынан да әдемі болған тәж кигізіледі. Ендеше, амал қылған адамның өзі жайлы не ойлайсыңдар?» – деген (Әбу Дәуіт). Демек Құранды оқып, оған амал қылған адамның өзіне бұдан да артық сый-сияпат көрсетіледі деген сөз» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Құран сайысқа облысқа белгілі қари-ұстаздар қазылық етуде.