«Қоғамдағы діннің ролі» атты семинар «Ембімұнайгаз» компаниясының қызметкерлері үшін ұйымдастырылды.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «Ембімұнайгаз» компаниясының орталық ғимаратында мұнайшылармен кездесті. Онда жат ағымдардың шығу тарихы, жат идеологияға уланбау үшін діни сауатты болу мәселесі көтерілді.
«Қазақ әлімсақтан мұсылман болған халық. Қазақтың дәстүрі, діні, ділі исламмен астасып жатыр. Дінді ұлттық болмысымыздан ажыратып қарауға болмайды.
Исламның мақсаты – бейбітшілік. Халқымызда қарға тамырлы қазақ деген ұғым бар. Яғни, әр мұсылман бір біріне бауыр, дос. Ислам туыстық қатынасты берік ұстануды, бірлікті, ынтымақты дәріптейді. Ал, жат ағымдардың көздегені – ұлттық құндылықтарымызды түбегейлі жоққа шығару» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Осындай кездесулер «Ембімұнайгаз» компаниясының Атырау қаласы маңындағы, Қызылқоға, Жылыой, Исатай аудандарындағы филиалдарында да жалғасты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.