Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының бастамасымен облыс мешіттерінде қажет намазы оқылып, табиғи апатқа байланысты ел амандығы үшін дұға жасалды.
«Алла Тағала елімізді, халқымызды табиғи апаттан, су апатынан сақтасын. Халқымызға бірлік беріп, қиындықты еңсеріп шығуды нәсіп етсін. Ризық-несібеміз мол болсын. Алла қауіпсіз бейбіт мекен қылғай деп дұға жасады» деді Бас имам.
Қажет намазы аты айтып тұрғандай, бір нәрсені қажет етіп тұрғанда, бір нәрсеге көмек қажет болғанда Жаратқаннан алақан жайып сұралатын құлшылық түрі.