Атырауда имамдарға арналған біліктілікті арттыру семинары аяқталды.
Екі күнге созылған семинарда наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы фиқһ, ақида сынды бірқатар мәселелер бойынша дәріс оқыды. Және имамдарға арналған семинар барысында ұстаз Сансызбай Құрбанұлы дін мамандары тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.
«Біліктілікті арттыру семинарларының маңызы зор. Себебі, дін саласы ізденісті қажет етеді. Біздің имамдарымыз діни білімімен бірге, өзіндік адамгершілік қасиеттерімен де қоғамға үлгі болуы керек» деді ұстаз Сансызбай Құрбанұлы.
Іс шараға Атырау қаласы, аудан және ауыл имамдары қатысты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.