Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде жазғы сауат ашу курсының жас шәкірттері білімдерін сарапқа салды.
Шәкірттер бір ай бойына алған білімдерін сарапқа салып, үздіктер бағалы сыйлықпен марапатталды.
Марапаттау шарасына Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы қатысып, жас шәкірттерге сәттілік тіледі.
«Сапалы білім мен жақсы тәрбие – болашаққа бастайтын ең маңызды қадам. Білім алудың басты парыз екендігін ескерсек, сіздердің «оқысам, білсем, үйренсем» деген талаптарыңыз қуантады. Сіздерден болашақта еліміздің, дініміз бен діліміздің дамуына ықпал ететін үлкен тұлғалар шығатынына сенемін» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Қорытынды білім сайысында төрт шәкірт үздік деп танылды. Осылайша, Калима Тілегенова, Фатима Аманқосқызы, Құралай Мирасқызы, Әсем Асылбекқызы есімді жас шәкірттерге
велосипед сыйлыққа берілді.
Жазғы курсқа қатысушы басқа да шәкірттерге бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Еске сала кетелік, білім сайысын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел – қыздар секторының Атырау облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.