Атырау қаласы, Тасқала ауылындағы «Мәулімберген» мешітінде рухани кеш болып өтті.
«Мәулімберген» мешітінің Әйелдер-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен шарала әжелерге, аналарға құрмет көрсетілді.
«Ғибратты ғұмыр» атты рухани кеште ұстаз Ардақ Ибраимова Пайғамбардан (с.ғ.с) үлгі болып қалған көркем мінез, көрем қарым-қатынас, адамгершілік тақырыптарында насихат айтты.
Кеш аясында Мәуліт жыры оқылып, мешіт өміріне, қоғамдық тәрбие саласына үлес қосып жүрген белсенді әжелер марапатталды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.