Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Жергілікті Тасқала ауылдық округі әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен акция аясында 20 отбасыға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері үлестірілді.
«Елімізде соңғы күндері орын алған күрделі ахуал – бірлік, ынтымақтың қадірін жете ұғындырғандай болды. Бірлігімізге бекем болуымыз керек. Осы ретте, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамқорлау жалғасады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.