Атырауда орталық мешіт жалғызбасты аналарға көмектесті

Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі кезекті акция өткізді.

Шара аясында әлеуметтік жағдайы төмен жалғызбасты аналардың үйіне 50 кг ұн жеткізіліп берілді.

Аналар орталық мешіт ұжымына, ерікті жастарға ризашылықтарын білдірді.

Еске сала кетейік, орталық мешіт жанындағы Қайырымдылық мекемесі әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік, киім-кешекпен жәрдемдесіп келеді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.