Атырауда «Мәулімберген» мешітінде 20 отбасына азық-түлік таратылды

Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.

Жергілікті Тасқала ауылдық округі әкімдігінің ұйытқы болуымен өткен акция аясында 20 отбасыға бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері үлестірілді.

«Елімізде соңғы күндері орын алған күрделі ахуал – бірлік, ынтымақтың қадірін жете ұғындырғандай болды. Бірлігімізге бекем болуымыз керек. Осы ретте, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамқорлау жалғасады» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.