Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырауда «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық аясында 12 отбасына азық-түлік пакеттері табыс етілді.

«Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы ұстанған дана халқымыз маңайындағы мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап, қол ұшын созып көмек көрсетуді өсиет еткен. Біздердің жасаған қандайда бір жақсы істердің қайырсыз кетпейтіндігі жайында Қасиетті Құранда: «Алланың жолында не жұмсасаңдарда, Алла Тағала міндетті түрде оның орнын толтырды» деп баяндалады» деді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.