Атырауда орталық мешітте «Имани жаз» сауат ашу курсы қорытындыланды

Атырауда орталық мешітте ұйымдастырылған «Имани жаз» курсын 40 қыз бала сәтті аяқтап шықты.


Зерек шәкірттерге салтанатты жағдайда сертификаттар табыс етілді.

Шәкірттерге сертификат табыстау рәсіміне орталық мешіттің наиб имамы Мұрат Ғазизов қатысып, ізгі тілегін білдірді.

«Қасиетті Құран «Оқы!» деп басталады. Яғни, мұсылман баласына білім алу парыз. Жазғы демалыстарыңызды пайдалы ілім алумен өткізген сіздерге Алла разы болсын. Әрқашан ізденіп, білім алу жолында шаршамаңыздар. Себебі, еліміздің болашағы рухани қуатты, білімі терең ұрпақтың қолында» деп атап өтті ұстаз Мұрат Ғазизов.

Еске сала кетелік, шәкірттерге Гүлназым Мусақызы, Арай Аманқосқызы дәріс берді. Жазғы лагерьде балаларға «Құран әліпбиі», «Иман негіздері», «Адамгершілік», «Дін мен дәстүр» тақырыптарында сабақ жүргізілді.