Атырауда «Медет» мешітіне наиб имам тағайындалды

Атырауда Береке ауылына қарасты «Медет» мешітіне наиб имам болып жас маман Серік Махамбет Қанатұлы тағайындалды.

Серік Махамбет Қанатұлы – Атырау облысының тумасы. Атырау қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы №25 мектепті аяқтағаннан кейін, Шымкент медресе-колледжінде білім алған.

Наиб имамды жамағатқа «Медет» мешітінің имамы Мұхамедкәрім Сматұлы таныстырып, ұстаздың қызметіне сәттілік тіледі.