Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы мешіт жанашыры Саламат Қарабалиевке шапан жауып, құрмет көрсетті.
Мешіт жанашыры, жамағат Саламат Қарабалиев құлшылық ордасы жанынан ұйымдастырылып жүрген түрлі шараларға белсенді түрде қатысып келеді.
«Қазақ халқы – тумысынан кез келген игі іске, жақсы нәрсеге алғыс айтуды әдетке айналдырған халық. Ол әдетіміз әдепке айналған. Алғыс айту сөзімен адамдар бір-біріне қуаныш сыйлайды. Асыл дінімізді, рухани құндылықтарымызды дәріптеуде қосып жүрген үлесіңіз үшін сізге алғыс айтамын» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.