Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының төрағалығымен қала имамдарына арналған жиын өтті.
Жиында Бас имам MUFTIYAT баспасынан шыққан кітаптарды таныстырды.
«Кітап—рухани қазына. Ілім-біліміңмен рухани кеңістігіңді толтыратын құрал. Сол себепті кітаппен дос болуға тиіспіз. Осы орайда, MUFTIYAT баспасынан діни, көркем-әдеби еңбектер жарық көруде. Әр мешіттің кітапханасында осы кітаптар тұруы тиіс. Қазіргі таңда мешіттерімізде баспа өнімдерімен толғып жатыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады,-деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.
Сондай-ақ, мүфтият баспасынан шыққан өнімдерді жамағат арасында кеңінен насихаттап, «Мешітке кітап сыйла» акцияларын жандандыруды тапсырды.