Қазан – қамқорлық айына орай, Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Орталық мешіт жанындағы қайырымдылық мекемесінің бастамасымен Атырау қалалық мүгедектер қоғамдық қорының өкілдеріне ет және азық-түлікпен қолдау көрсетілді.
«Біз әрқашан қолымызда бар мүмкіндікті пайдаланып, қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ, әр түрлі жағдайда көмек сұрап келген жандарға қайырымдылық жасауға тырысамыз. Қарттарымыз аман болсын, мүмкіндігі шектеулі жандарга Алла қуат берсін» дейді ұйымдастырушылар.
Еске сала кетейік, өткен жылы орталық «Иманғали» мешіті жанын қайырымдылық мекемесі ашылды. Бұған дейін де әр түрлі деңгейде қайырымдылық шараларын жүргізіп келе жатқан орталықта алдыңғы аптада 45 отбасына азық-түлік, бұдан бөлек, елуге жуық адамға киім-кешек таратылған болатын.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.