Атырауда орталық мешіт қиын жағдайда қалған адамдарға көмектесті

Атырауда орталық мешіт жанындағы Қайырымдылық орталығы Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта бейімдеу орталығына киім-кешек апарып берді.

Қазіргі таңда аталған орталықта 30-ға жуық адам бар.

Қасиетті Рамазан айының құрметіне аталған орталықтағы адамдарға киім-кешек жеткізілді.