Атырауда орталық «Иманғали» мешіті жанындағы Қайырымдылық мекемесі зағип жандарға ет таратты.
«Демеу» қоры арқылы жасалған қайырымдылық шарасы аясында барлығы 20 адам қамтылды. Көз жанарының көрмеуі салдарынан бірінші топтағы мүгедектер тобына енгізілген азаматтар орталық мешіттің қамқорлығына ризалықтарын жеткізді.
Еске сала кетелік, бірнеше жылдан бері орталық «Иманғали» мешіті жанынан Қайырымдылық мекемесі жұмыс істеп келеді. Қайырымдылық мекемесі арқылы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мұқтаж, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қаржылай, азық-түліктей, киім-кешектей тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.