Атырауда орталық мешіт жанынан ашылған тігін курсының екінші кезеңіне шәкірттерді қабылдау басталды.
Осылайша, Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешіті әйел адамдарға білім алып, кәсіп ашу мүмкіндігін ұсынып отыр.
«Қыз-келіншектерге арналған тігін курсын оқу 3 айға созылады. Курс бағасы – 10 000 теңге. Сабақ 10.30-13.00 аралығында, дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері өтеді. Сабақ 8 қыркүйек күні басталады. Курс уақыты аяқталған соң қабылдау қайта жалғасатын болады» дейді тігін сабағында 32 жыл еңбек өтілі бар шебер Диляра Романова.
«Тігін курсының мақсаты – үй шаруасымен отырған әйел адамдарға өз ісімен айналысып, қаржы табуға мүмкіндік беру. Бұған дейін курсты 14 әйел адам аяқтап шықты» дейді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Толық ақпарат үшін 8747 678 28 25 номеріне хабарласуға болады.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.