Атырауда «Иманғали» орталық мешітінде қасапшыларға арналған семинар өтті. Жиынға Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы қатысып, қасапшыларға дәріс оқыды.
«Халқымызда адал деген түсінік бар. Бұл маңызы, мәні терең ұғым. Адал ас мәселесінде қасапшылардың жұмысы аса маңызды. Бүгінгі таңда халал өнімге сұраныс артып келеді. Сол себепті астың адалдығына мән беруге тиіспіз. Сіз бен біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік бар» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Жиынға «Тума» мал базарының басшысы Ақан Насыров, «Асыл-агро» базарының ұйымдастырушысы Шайхым Байзалов, «Ерсайын» мал базары басшысы Оралбай Гайсын және басқа да қасапшылар қатысты.
Семинарда «Иманғали» мешітінің ұстазы Наркес Боханов шариғи тұрғыда мал союдың үкімдері мен тәртіптері, тазалық тақырыптарында дәріс оқыды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.