Облыс орталығындағы Жұлдыз ықшамауданында орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасов мешітіндегі жазғы лагерді бір мезгілде 60 шәкірт аяқтап шықты.
Маусымдық лагерь кезінде балаларға «Құран әліппесі», «Әдеп» сабақтары бойынша дәріс берілді.
«Біз балғындарды діни сауаттандырумен бірге, рухани тәрбие беруді де мақсат тұттық. Шәкірттердің зейіні, ізденімпаздығы қуантты. Жазғы лагерь кезінде сабақ ойын форматында да ұйымдастырылды. Әрі шәкірттерге сыйлықтар жасалып отырды» дейді мешіт ұстаздары.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.