Атырау қаласында орналасқан №15 Қылмыстық атқару мекемесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мүфтият баспасының кітаптары табысталды.
Аталмыш еңбектерді “Иманғали” орталық мешітінің наиб имамы Арман Исаев теологиялық-оңалту жұмыстарының инспекторы, әділет аға лейтенанты Айбек Амангелдіұлына табыстады.
Рухани-танымдық еңбектер жазасын өтеуші азаматтар үшін діни, рухани азық алуға мол мүмкіндік беретіні айтылды.
Еске сала кетсек, бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «MUFTIYAT» баспасы 144 мыңнан астам данамен халқымызға қажетті еңбектерді оқырманға жеткізіп үлгергенін атап өткен еді. Діни басқарманың төл баспасынан жарық көрген еңбектердің қатарында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының «Дін – ізгілік бастауы» кітабы мен Нұр-Мүбарак университетінің баспасынан «Ислам дағуатының негіздері мен әдістері» кітабы бар.