Атырауда садақ атудан облыстық ашық турнир өтті

Сұлтан Бейбарыс Жамақұлын 800 жылдығына орай ұйымдастырылған ашық дәстүрлі садақ атудан ашық турнирге балалар мен жасөспірімдер қатысты. 40-қа жуық жас садақшы бақ сынасқан турнир тартысты өтті.

Нәтижесінде 10 метр қашықтықта садақ атудан 7-9 жас аралығындағы балалар арасындағы жарыста жеңімпаздар анықталды:
1-орын Өзкерим Мелиса
2-орын Хисмет Нұргелді
3-орын Бекбай Алтынбек


15 метр қашықтықта садақ атудан 10-12 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар:
1-орын Ысқақ Рукая
2-орын Асанұлы Хайдаролла
3-орын Сайын Расул


20 метр қашықтықта садақ атудан 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар:
1-орын Нұрберген Асхаб
2-орын Сайфуллина София
3-орын Серікова Фатима


25 метр қашықтықта садақ атудан 16 жастан жоғары қатысушылар арасындағы жеңімпаздар:
1-орын Еркінғали Әдемі
2-орын Ертүгел Саламат
3-орын Жұмабаева қымбат

Жеңімпаздарды марапаттауға Атырау облысының наиб имамы Мұрат Мұстафаев, спорт ардагері Ғизат Салихов және «BATU HAN ZHEBESI» дәстүрлі садақ ату федерациясының президенті Марат Бексұлтанұлы қатысты.