«Шәууал шарапаты» деп аталған кезекті қайырымдылық акциясы аясында осылайша, 100 отбасына 2 тонна азық таратылды.
Бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен шаңырақтарды қамтыды.
«Ізгі шарамызға атсалысып жүрген жомарт жандарға Алла разы болсын. Қазіргідей азық-түлік қымбаттап, көршілес облыстарда қуаңшылық орын алып жатқан сын сағатта баршамыз дұғада болып, Алладан кешірім тілегеніміз абзал. Жомарт жандарды қайырымдылық шараларына көбірек атсалысуға шақырамын» деді Сұлтан Бейбарыс мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.
Еске сала кетелік, жыл басынан бері Сұлтан Бейбарыс мешіті 500 отбасына 10 тонна азық-түлік таратты.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.