Атырауда «Сұлтан Бейбарыс» мешітінде зияткерлік сайыс өтті

Атырау қаласындағы “Сұлтан Бейбарыс” мешітінің жамағат арасында “Зияткерлік сайыс” өтті.

Сайысқа қатысушылар 4 тақырып, атап айтсақ, “Ақида (сенім), “Фиқһ”, “Пайғамбарымыз (Алланың Оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірбаяны және “Қазақстан тарихы, салт-дәстүр” қамтыған әр түрлі тақырыптары бойынша жүргізілді.

Сайысқа «Әбубакр», «Омар», «Осман» топтары қатысты. Нәтижесінде «Әбубакр» тобы 1-ші орын, «Омар» тобы, 2-ші орын, «Осман» тобы 3-ші орын иеленді.

«Сайыстың мақсаты – жастар жамағатын ізденіске, білім алуға үндеу. Дін мен дәстүр, қазақ халқының тарихынан сыр шертетін арнайы сұрақтар дайындадық. Қатысушылар зияткерлік жарысқа кітап оқып, ізденіп, алдын-ала дайындалды. Білімді ұрпақ озады» дейді «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев.