Атырауда Тарауық намазына қатысушыларға тегін автобус ұйымдастырылуда

Атырауда қасиетті Рамазан айының құрметіне автобустар тегін қызмет көрсетіп жатыр.

Орталық «Иманғали» мешіті маңынан автобустар Тарауықтан соң Авангард, Балықшы, Привокзальный ықшам аудандары бағыттары бойынша тегін қызмет көрсетуде.

«Рамазан – 12 айдың сұлтаны, жылына бір рет келетін қасиетті мереке. Осы айдың құрметіне жамағатқа ыңғайлы болсын деген ниетпен, тегін автобустар қызметін ұйымдастырдық. Атсалысып отырған жолаушы тасымалдаушы компанияларға алғысымыз шексіз» дейді Атырау облысының Бас имамы Болатбек Ұласқанұлы.

Атырау облысы бойынша Тарауық намазына күнделікті 15 мыңнан астам адам қатысуда.