“Құранға ғашық қариялар” атауымен өткен Құран сайысына облыс мешіттері жанынан 60 жастан асқан 15 үміткер қатысып бақ сынады.
Игі шараға Атырау облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы арнайы қатысып, ақсақалдарға сәттілік тіледі.
Бүгін біз қасиетті Құран Кәрімді дәріптеп, оны оқу мен жаттауға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында жиналып отырмыз. Ақсақалдарымыздың Құран жарысына қатысуы – ұрпаққа үлгі, имандылықтың, рухани кемелдіктің көрінісі.
Құран – адам баласын тура жолға бастайтын ұлы кітап. Оны оқу – жүрекке тыныштық, өмірге нұр береді. Сіздер осы жасқа келіп, қасиетті сөзді оқып, оны насихаттағандарыңыз – үлкен құрметке лайық іс.
Алла Тағала бүгінгі жарысты қабыл етсін! Қатысушыларға зор табыс, ал қазылар алқасына даналық пен әділдік тілеймін! Бұл игі шара баршамызға берекелі болсын,- деп тілегін жеткізді бас имам.
Сайыста ақсақалдар фатиха және ықылас сүрелерін оқыса, қазылар алқасы тәджуид, мақамы, киім үлгісі, қырағаты бойынша баға берді.
Сайысы қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды Қисметолла Бақтыгерейұлы, екінші орынды Талғат Құлғазиев, үшінші орынды Сәрсенбай Меңдіғалиұлы иеленді.
Қатысушылар мен жеңімпаздарға арнайы дипломдар, қаржылай жүлделер табысталды.











