Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған діни делегацияныі Атырау облысына жұмыс сапары жалғасуда.
Делегация құрамындағы ұстаз Сансызбай Шоқанов «Неке және отбасы» тақырыбында семинар өткізді.
Семинар барысында неке қию, отбасында берік қатынас қалыптастыру мәселелері талқыланды.
«Неке – Алланың аманаты, зор жауапкершілік. Оған жеңіл қарауға болмайды, сол себепті жастар, жас отбасылар үшін уағыз-насихатты күшейтуіміз қажет» деді ұстаз Сансызбай Шоқанов.