Атыраудағы «Ықылас» мешіті жанынан жұмыс істеп жатқан жазғы сауат ашу лагерінде қазір 60 бала білім алып жатыр.
Жазғы демалыстарын рухани дамып, білім алуға арнап жүрген шәкірттерді мешіт ұжымы Wow Park ойын алаңына апарып, балаларға ерекше демалыс сыйлады.
«Мақсатымыз – балаларды бір серпілтіп алу болды. Әрі балалардың оқу барысында зейінін ашу үшін де, осындай ойын форматындағы коммуникация да маңызды» дейді «Ықылас» мешітінің имамы Назарбай Абдураманов.
Жазғы сауат ашу лагерінде сабақтар аптасына бес мәрте өтуде. Шәкірттерге «Құран әліппесі», «Әдеп» сабақтары бойынша білім беріліп жатыр.