Атырауда мешіттер арасында «Зерек жамағат» облыстық діни-зияткерлік жарысы өтті. Мақсат – жастар жамағаты арасындағы ынтымақты арттыру.
Сайысқа Атырау қаласы, аудан, ауылдық елдімекендер бойынша мешіттерден арнайы командалар қатысты.
Махамбет ауданы мешіті командасы жеңімпаз атанды. Екінші орынды Қажымұқан Мұңайтпасов мешіті командасы жеңіп алды. Үшінші орын «Бақтыгерей молла» мешіті командасына бұйырды.
250-ге жуық жамағат қатысқан зияткерлік ойында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы 2024 жылды қорытындылап, атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.
«Атырау мешіттері өткен жылы жастар және әйел-қыздарға арналған 3000-ға жуық шара өткізді.
Сауаттылық, қоғамдық және спорттық бағыттарды қамтыған шаралар 100 мыңға жуық жас пен әйел-қыздарды қамтыды. Соның ішінде, жастар арасында өткен жылы барлығы 596 шара өтіп, 86 087 адам қамтылды. Әйел-қыздар арасында 2239 дәріс оқылып, 6688 шәкірт қамтамасыз етілді» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.