Атырау облысының Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы қасиетті Қадір түнінде Тарауық намазынан соң хатым дұғасын жасап, елдің амандығы, халықтың бірлігін тіледі.
«Я, Алла! Бізді өзіңді әрдайым еске алушы, саған шүкір етуші, Саған бойсұнушы әрі Өзіңе қайтушы қылғайсың. Уа, Раббым! Біздің тәубемізді қабыл ет, күнәлардан тазала, дұғамызды қабыл ет, жүрегімізді тура жолға сал, бүгінгі Қадір кешінде өзіңнен сұрап отырған жамағаттың тілегін қабыл ет. Елімізді ішкі-сыртқы жаудан сақта, ел басындағы азаматтарға тауфих, күш-қуат бер, пайдалы шешімдер шығаруын нәсіп ет. Әр түрлі табиғи апаттардан, ауру-сырқаудан, көре алмаушылардың кеселінен сақта. Қасиетті Рамазан айында тұтқан оразаларымызды қабыл еткейсің»,- деп дұға жасады Бас имам.
Еске сала кетсек, Қадір түнінде Атыраудағы бір ғана орталық мешітте 4000-ға жуық жамағат жиналды.




