Жыл басынан бері Атырау облысы бойынша түрлі оқу орындарында діни білім алуға аттанған шәкірттер саны 118-ге жетті.
Олардың арасында шет елдерде білім алып жатқан екі атыраулық студент те бар.
Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлының айтуынша, қазіргі таңда 2 студент Түркияның әйгілі Хасеки университетінде білім алуда. Алматы қаласындағы Нұр-Мүбәрак университетінде 19 ер бала, 36 қыз бала оқып жатыр. «Медреселерде 39 ер бала, 13 қыз бала білім алуда. Сонымен бірге, жергілікті Құран оқу және сауат ашу орталығында 10 ер бала оқуда. студенттердің барлығына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Олар болашақта еліміздің руханиятын дәріптеу жолында еңбек ететін әріптестеріміз» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, облыс аумағындағы мешіттер жанындағы түрлі Сауат ашу, Құран жаттау, Намаз оқып үйрену курстарында жыл басынан бері барлығы 10 287 ер адам, 3947 әйел адам қамтылды.