Астана қаласында өткен V дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәресіне жетті.
Ойындарға үш атыраулық спортшы қатысып, үшеуі де жүлделі орындарға ие болды.
Дәстүрлі садақ ату бойынша Марат Бексұлтан күміс жүлдеге ие болды.
Құсбегіліктен Арман Қошқаров және алыш күресі бойынша Сарсенғалиев Нұржан қола жүлде жеңіп алды.
Жеңіс құтты болсын, Атырау!
Еске сала кетсек, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына әлем елдерінің 80 мемлекетінен спортшылар қатысты.